Мектебімізде Ұлы Жеңіс күніне орай тағылымды іс-шара — гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушылар және ата-аналар белсенді қатысты. Шара барысында соғыс ардагерлері мен Отан қорғаушыларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Мектебіміз бұл іс-шараға белсене қатысып, мерекелік концерттік бағдарлама дайындады.Оқушылар патриоттық әндер айтып, өлеңдер оқып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, батырлар ерлігін ұмытпауға тәрбиелейді.
Ата аналарға арналған жадынама
Мекен жайы:
⦁ «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Викторовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Викторовка, Мира көшесі 60